ТОО «Petroleum (Петролеум)»
Қазақстан Республикасындағы теміржол саласындағы жетекші көлік-экспедиторлық компания, мұнай-газ секторында көлік қызметтерінің толық спектрін ұсынады. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ресми экспедиторы.
Компанияның өкілдіктері мен техникалық персоналы Астана, Атырау, Шымкент, Павлодар, Ақтау, Қызылорда қалаларында, сондай-ақ Достық және Өзен станцияларында және Қазақстанның үш ірі мұнай өңдеу зауытында орналасқан.
Тасымал географиясы — ТМД елдері, Ауғанстан және Қара мен Азов теңіздерінің теңіз порттары.
Компания 2002 жылы Алматы қаласында құрылған.
- 2013 ж. – «Премиум Ойл Транс» ЖШС көлік-экспедиторлық компаниясын сатып алу.
- 2014 ж. – екі жуу және буландыру станцияларын сатып алу: «Қазыкүрт-Юг» ЖШС (Шымкент қ.) және «Ертіс Сервис» ЖШС (Павлодар қ.); көлік инфрақұрылымын дамыту және салу мақсатында «РТИ-АНПЗ» ЖШС құрылды («Petroleum» ЖШС — 70%).
- 2015 ж. – Атырау қаласында жұмыс істеп тұрған вагон-цистерналарды алдын ала дайындау кешенін сатып алу, оны жаңғырту және жаңа жоғары технологиялық жуу-буландыру станциясын салу («Batys Petroleum» ЖШС).
- 2016 ж. – «Petroleum» компаниялар тобы «Қазтеміртранс» АҚ ұлттық операторының вагон-цистерналар паркінің 100%-ын басқарып келеді.
